• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Маусым, 2024

Сыртқы істер министрлігі Германияда Қазақстан азаматының қайтыс болғанын растады

40 рет
көрсетілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 17 маусымда Германияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің өлі табылғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Өз кезегінде полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды», делінген хабарламада.

Ведомство қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда екенін және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

«ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды», деп атап өтті Сыртқы істер министрлігі.