• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аңдатпа 18 Маусым, 2024

ІІМ детективтік шығармалар байқауын жариялайды

81 рет
көрсетілді

Полиция күні қарсаңында ІІМ «Серт» үшінші республикалық әдеби байқауы өткізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Байқаудың басты мақсаты - ішкі істер органдары қызметкерлерінің күрделі де қауіпті жұмысына жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ отандық детектив жанрын дамыту.

Бұрын жарияланбаған детективтік шығармалар осы жылдың қазан айына дейін қабылданады. Шығармалар ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Онымен ІІМ ресми порталында (gov.kz) танысуға болады.

Жеңімпаздар жыл соңында жарияланады.