• RUB:
    5.31
  • USD:
    463.77
  • EUR:
    495.49
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Маусым, 2024

Қазақстан студенті пауэрлифтингтен Азия чемпионы атанды

45 рет
көрсетілді

Алматы қаласында  пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында Торайғыров университетінің студенті Дильназ Мерғалиева топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ол алдағы уақытта да жарыстарға қатысуға ниетті. Келесі сайысы Алматыда қазан айына жоспарланған. Дильназ Мерғалиева заң мамандығы бойынша 3 курсқа көшеді.

«Дильназ өзінің жетістігі арқылы оқу мен спортты жоғары деңгейде біріктіру әбден мүмкін екенін көрсетті. Оның жетістіктерін, сондай-ақ университеттің барлық  студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтамыз. Біздің студенттердің шығармашылықта, спортта немесе ғылыми қызметте болсын, жан-жақты дамуы маңызды. Тұрақты қозғалыс пен өсу барысында мықты тұлға қалыптасады», деп атап өтті ректор Еркін Садықов.