• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Маусым, 2024

Қазақстанда тәуелсіз кассациялық соттар құрылады

139 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы 2023 жылы 12 қыркүйекте отандық бизнес өкілдерімен кездесуде дербес кассациялық саты құру мәселесі бойынша заңгерлер және кәсіпкерлер қауымымен консультациялар өткізу қажеттілігін атап өтті. Осыған орай заң жобасы аясында ҚПК, АПК, ӘРПК дербес кассациялық соттарды құруға байланысты тиісті түзетулер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа редакцияға сәйкес Жоғарғы соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғарғы соттың негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақтылау және біркелкілігін қамтамасыз ету болады.Осыған байланысты Жоғарғы сот судьясының бастамасы бойынша жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда (егер сот тәжірибесіне қайшы келетін шешімдер қабылданса немесе құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етсе) қайта қарайды.  Сондай-ақ Жоғарғы сот төрағасының өкілдігі институтын жою ұсынылып отыр.