«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың болжамына сәйкес, алдағы күндері Батыс Қазақстандағы аптап ыстықтың беті қайта бастайды, 22 маусымда ауа температурасы жауын-шашынның есебінен бұрынғы климаттық қалыпқа оралады.
Елдің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын тоқтап, кейін қайта жаңбыр жауады, дәлірек айтсақ, найзағай ойнап, кей аймақтарда бұршақ аралас жаңбыр жауады, қатты жел соғады.
«Қазақстанның оңтүстігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Ал елдің шығыс өңірлерінде күн райы ашық болады», дейді синоптиктер.