Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуролиганың 2024-2025 жылдардағы маусымның жеребесі тартылды. Осы жарыстардың бірінші кезеңінде Қазақстанның үш командасы бақ сынайды.
УЕФА Чемпиондар лигасындағы тұсаукесер кездесуін «Ордабасы» Молдованың «Петрокубына» қарсы өткізеді. «Хынчешть» деп аталатын небәрі 12,5 мың тұрғыны бар қалашықта іргетасы қаланған ұжым аталған мемлекеттің суперлигасында
2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол аралықта ел біріншілігінде екі рет күміс және үш рет қола медальді иеленді. Былтыр бас жүлдені қанжығаларына байлады. Сондай-ақ «Петрокубтың» Молдова кубогінің иегері деген атағы бар. Алғашқы ойын Шымкентте (9 немесе 10 шілдеде), екіншісі Хынчештьте (16 немесе 17 шілдеде) өтеді.
УЕФА Еуропа лигасындағы «Тобыл» Словакияның «Ружомберогымен» сайысқа түседі. Олар – өз елінің 2006 жылғы чемпионы, 2022 жылғы күміс және 2001, 2004, 2017, 2019 жылдардағы қола жүлдегері. 2006 жылы Словакия кубогін олжалады. Қостанайлық клуб бірінші бәсекені сыртта, екіншісін өз алаңында өткізеді. Конференция лигасындағы «Ақтөбенің» қарсыласы – «Сараево». Олар Югославия чемпионатын екі, Босния мен Герцеговина біріншілігін бес мәрте ұтты. Ел кубогі жолындағы додада жеті рет дара шықты. Бұл ойындар 11 мен 18 шілде күндері өтеді деп жоспарланып отыр. Ал «Астана» бұл турнирді екінші кезеңнен бастайды.