Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің 48 тұрғынын (оның ішінде 8 бала) эвакуациялаған. Ешкім зардап шекпеді.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтерде жиһаздар өртенген. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.