Аталған елдегі Қазақстанның өкілі қызметінен босатылып, жаңа елші тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарламада: «Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Сәбитұлы Әбдіраимов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды», делінген.