• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Павлодардан Мәскеуге парадқа баратын соғыс ардагері дауыс берді

308 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР.  26 сәуір. Облыста 246 Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер бар. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс орталығында тұратын  Михаил Василевич Смоленков Мәскеу қаласында  9 мамырда өтетін әскери шеруге барады. 92 жастағы  ардагер 18 жасында  майданға аттанып, Польша, Қиыр Шығыстағы шайқастарға қатысқан. Майдангер бүгінгі бейбіт заманның қандай ерлікпен келгенін біледі.Ол   қаладағы № 27-ші сайлау учаскесіне келіп, таңертең алғашқылардың бірі болып  дауысын берді. Сайлау учаскесінің төрағасы Берік Матаев  92 жастағы ардагердің дауыс беруге келіп, тағы да ерлік жасағанын айтты. «Бұл учаскеде сағат 9.00-де 400 ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгеріпті. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары, көңіл күйлері де жақсы. азаматтық парызымды атқардым», дейді майдангер. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz