• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Маусым, 2024

«Болашақ»: Валерия Гавриленко мемлекет алдындағы берешегін енді өзі төлейді

95 рет
көрсетілді

Бұрынғы стипендиат В.Гавриленко және кепілгерлер М.Дарибаева мен Н.Воробьевамен резонанстық жағдай заң аясында шешілді. Медиация қорытындысы бойынша В.Гавриленко оқу берешегінің толық сомасын өз еркімен өтеуге міндеттелді, деп хабарлайды Egemen.kz «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шартты қамтамасыз ету үшін берілген кепіл мүлкі шығындардың қажетті сомасын жабады, сондықтан кепілгерлер мен Орталық арасында келісімшарт бұзылды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Орталық анықталған бұзушылықтардың материалдарын құқық қорғау органдарына жолдаған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Орталықтың бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Валерия Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрап, Орталық белгілеген тәртіпте қарызды өтеп жатыр.

Халықаралық бағдарламалар орталығы шарттық міндеттемелерді орындаудан ауытқыған және стипендиядан айырылған тұлғалардан мемлекеттік бюджетке қаражатты қайтару жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті