• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Маусым, 2024

Ел күткен Еуропа чемпионаты

40 рет
көрсетілді

Өткен аптада әлем жанкүйерлері төрт жыл күткен «EURO 2024» доп додасы басталды. Өткен тарих бедеріне үңілсек, қарт құрлық чемпионаты алғаш жалауын көтергелі биыл 84 жыл­дың жүзі болыпты.

17-чемпионат

Алғаш 1960 жылы басталған доп додасының тұңғыш чемпио­ны – КСРО футбол командасы. Кейін Испания құрамасы (1964, 2008, 2012) мен неміс футболшылары (1972, 1980, 1996) әр қайсысы үш дүркін жеңімпаз атанса, екі дүркін Еуропа чемпио­ны атану мәртебесі Италия (1968, 2020) және Франция (1984, 2000) құрамаларына бұйырыпты.

Сондай-ақ дүбірлі доданың кубогін бір дүркін көтерген мемлекеттер: Португалия (2016), Гре­кия (2004), Дания (1992), Ни­дер­ланд (1988), Чехославакия (1976) құрамалары. Бұл чемпионат Герма­нияда бұдан 36 жыл бұрын бір дүркін өткен еді. Биыл 17-дүбірлі дода екінші рет елдің 10 стадионда өтіп дүркіреп өтіп жатыр.

 

 Роналдудың соңғы жарысы

Дәл қазір 39 жастың жалына шыққан португалиялық атақты аяқдопшы Криштиану Роналдудың соңғы чемпионаты. Бұл жігіт қазіргі таңда өзі қатысқан Еуропаның төрт чем­пионатында (2004, 2008, 2012, 2016) торда тулатқан доп санынан көш бастап тұр. Бұл рекорды жуық жылдары жаңаруы қиын, дейді білетіндер.

 

Ең жас топ Испания құрамасы

Чемпионаттың тағы бір жа­ңалығы – Испания құрамасы ойыншыларының орташа жасы – 20. Айталық, оң қанаттағы шабуылшы Ламинье Ямаль (Lamine Yamal) 16 жаста болса, қалған 9 футболшы 23-25 жас аралығындағы өрендер. Бұл құрама аяқдоп жанкүйерлері «ажал алаңы» деп атаған «В» то­бында (Испания, Италия, Ал­бания, Хорватия) өнер көрсетіп жатыр.

 

Чемпионаттың жүлде қоры 331 млн еуро

Жеке-жеке талдап түсіндірер болсақ, топтық кезеңге жолдама алған әр командаға 9,25 млн еуро сыйақы тағайындалса, топтық ойындағы жеңісі үшін 1 млн еуро, тең түскен жағдайда 500 мың еуро, соңғы төрттікке іліккен құрамаға 2,5 млн еуро, жартылай финалдық ойын жеңімпаздарына 4 млн еуро, екінші орын үшін 5 млн еуро, ал чемпион тұғырына көтерілген команда 8 млн еуро сыйлыққа ие болады.