• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2024

Тараз қаласында күшті жарылыс болды

66 рет
көрсетілді

Тараз қаласының Қарасу шағын ауданында жарылыс болды. Жауапты қызмет оның себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

22 маусымы сағат 21:50–де „QazaqGaz Aimaq“ АҚ Жамбыл өндірістік филиалының жедел-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласының „Қарасу“ шағын ауданында күшті жарылыс болғаны туралы хабарлама түсті. Зардап шеккендер жоқ.

Өңірдегі өндірістік филиал жарылыс орнында газ құбырының өтпей тұрғанын, төтенше оқиға басқа себептермен болғанын және анықталып жатқанын хабарлады.

«Газ қызметінің мамандары оқиға орнын газ анализаторымен тексеріп, ауада газ концентрациясы жоқтығына көз жеткізді.

Қазіргі уақытта оқиға орны қоршауға алынды, барлық қалалық қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, жарылыс себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, жерасты жоғары вольтты электр желісінде қысқа тұйықталу орын алған», — дейді ведомствоның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұхит Ықылас.