Қостанайда қызылша жұқтырған науқастар саны 520-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, науқастардың 364-і (69,7%) - балалар және 158-і (30,3%) - ересектер. Барлығы 522 жағдай тіркелген.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары науқастардың 30 пайызға жуығы екпе алмағанын, 55 жағдайдың екпе жасына жетпегенін, 121 адамның вакцинация жағдайы белгісіз екенін атап өтті.
«Қостанай қаласының емханаларына тиісті тексеріс жүргізілді. 18 жасқа дейін қызылшаға қарсы вакцина алмаған және вакцинация туралы деректері жоқ 946 бала қосымша иммундауға жатады», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жоспар бойынша балалардың 34,2%-ы 1 жасында қызылшаға, эпидемиялық паротитке және қызамыққа қарсы вакцина салдырды. Сондай-ақ балалардың 36,7%-ы аталған вакцинаны 6 жасында алды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті