• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Маусым, 2024

Астанада садақ атудан халықаралық турнир өтеді

68 рет
көрсетілді

27 маусымда басталатын «Астана Гран-приі» III халықаралық турнирі 3 шілдеге дейін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнир «Qazaqstan» спорт кешенінің артындағы алаңда өтеді.

Биыл оған Колумбия, БАӘ, Пәкістан, Швейцария, Оңтүстік Корея, Шри-Ланка, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің спортшылары қатысады.

Бұл турнир алғаш рет 2021 жылы өткізіліп, жақын және алыс шетелдерден ең үздік садақшылардың, олардың арасында атақты спортшылардың, Олимпиада ойындары жүлдегерлерінің, Еуропа және Азия чемпиондарының басын қосқан еді.