Алматыда орталық саябақтағы айналмалы шеңберден қыз құлап, қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.
Қайғылы оқиға бүгін болды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қыз жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмғанын хабарлады.
Ал қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.