• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2024

Су тұшыту қондырғысы іске қосылды

96 рет
көрсетілді

Түпқараған ауданының Сайын аулында су мәселесі көп­тен бері дау-дамай биі­гінен түспей келеді. Су­дың жетіспеушілігі өз ал­ды­на, су бағасының не­гіз­сіз қымбаттауы, су бөлу­дегі және су тарату құрал­да­ры­на қатысты мәсе­ле­лер әлі күн тә­р­ті­бінде тұр.

Жаз басталып, тұрғындар арасында суға, әсіресе ауызсуға қатысты мәселе қайта көтерілген тұста Сайын Шапағатов аулында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қаты­суы­мен су тұшыту қон­дырғысы іске қосылды. Он мыңға жуық тұр­ғыны бар Сайын аулында жаңа су тұшыту қон­дыр­­ғысының іске қосылуы бұл бағыттағы көңіл көншітіп, қиын­дық­ты же­ңіл­детер жаңа­лықтың бірі болды.

Жаңа қондырғының көме­гімен зауыт қуаты екі есе артты. Кәсіпорын тәулігіне 4 500 текше метр су тұшытады. Бұл он мыңға жуық тұрғыны бар Сайын Шапағатов пен көрші 15 мың адам тұратын Ақшұқыр ауылын ауызсумен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді. Су тұшыту зауыты шикізат ретінде жерасты суын пайдаланып, ауыл халқына санитарлық талапқа сай ауызсу ұсынады. Алдағы уақытта өндіріс ошағының тәуліктік қуаты 6 500 текше метрге дейін артпақ. Жаңа зауыттың жалпы құны – 1 000 000 000 (1 млрд) теңге, жобаны «Алека» ЖШС «Ха­лық» қайырымдылық қоры­ның­ қолдауымен іске асырып отыр.

Нұрдәулет Қилыбай игі бас­та­маға мұрындық болған кәсіп­кер­лерге маңғыстаулықтар атынан алғысын жеткізді.

«Мемлекет басшысының өңір­­­дегі су тапшылығын жо­йып,­ халықты таза сумен қамту жа­­йында арнайы тапсырмасы бар.­ Жерлестерімізге тіршілік нә­­рін жеткізу ісі күн тәртібінен түс­­пейді. Қазір облыста ауызсу тап­шылығын жою үшін бір­қа­тар жоба қарқынды жүріп жа­тыр. Нәтижесін көретін сәт те алыс емес. Тамыз айына дейін «МАЭК»­ ЖШС аумағында тәу­лі­­гіне 6 мың текше метр су тұшы­та­­тын қондырғы іске қосылса, «СК-А-Строй» ЖШС су тұшыту за­уыты қуатын 5 мың­нан 9 мың тек­ше метрге дейін арттырады. Сон­дай-ақ тамыздан бастап Ақтау қаласына тәулігіне қо­сым­­ша 6 мың текше метр ауызсу, Баян­­ды ауылындағы су тұшыту қон­­­дырғысы арқылы тәулігіне қо­сым­ша 3 мың текше метр ауызсу Мұ­най­­лыға беріледі», деді аймақ басшысы.

 

Маңғыстау облысы