• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Қызылордада сайлау белсенді өтіп жатыр (фото)

493 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 сәуір. Таңғы сағат 07:00-де Қызылорда облысы бойынша барлық сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастады. Облыста барлығы 345 сайлау учаскесі бар. Ал сайлауда аймақ бойынша 396 465 адам дауыс береді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған дейін өңірде 3 мыңнан астам байқаушылар тіркелген, олардың ішінде азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері және 16 шетелдік байқаушылар бар. Дәл қазір дауыс беру өте белсенді жүріп жатыр. Мәселен, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің №158 сайлау учаскесінде ең бірінші болып соғыс ардагері Дәуітбай Сақтағанов дауыс берді. Саяси науқанның шымылдығын бата беріп ашқан ақсақалдың иығына шапан жабылса, жүзінші болып дауыс берген сайлаушыға ұялы телефон сыйға тартылды. Халықтың сайлауға деген ынтасын арттыратын мұндай шара Жалағаш ауданында да болды. Айталық, сайлау учаскесіне ең бірінші болып келіп, дауыс берген тұрғындарға ынталандыру сыйлықтары берілді. Барлық сайлау учаскелерінде концерттер ұйымдастырылуда. Кент орталықтарында концерт бағдарламалары өтіп жатыр. Сайлауға жаңа босанған аналар да қатысты. Қызылорда қаласындағы №214 сайлау учаскесі қалалық перинаталды орталықта орналасқан. Осы учаскеде аналар өз сәбилерінің жарқын келешегі үшін таңдауларын жасады. Осынау шараның маңыздылығына назар аударған аналар елдің болашағы үшін дауыс беріп жатқандарын айтып, өзге де аналарды сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Аталған орталықта 151 ана дауыс берді. Жалпы, өңір бойынша сайлау өте белсенді өтіп жатыр. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.