• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Ақмола облысында жасы жүзден асқан қария өзі келіп дауыс берді

343 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 26 сәуір. Ақмола облысында 114 жастағы қария өз аяғымен сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады. Ғасырдан артық жасаған кейуана Қазина Исмайлова Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр кентінде тұрады. Бүгін таңертең ерте әжей осындағы өзі тіркелген №4 сайлау учаскесіне барып, қалаған кандидатына дауысын берді. Аталған сайлау учаскесінде 1537 сайлаушы тіркелген. Қазірге дейін мұндағы сайлаушылардың төрттен бірі, яғни ширек бөлігі дауыс беріп үлгерген. Еске сала кетейік, Қазина Исмайлова 1901 жылы туған. Бүгінде қария балалары мен немере-шөберелерінің қызығын көріп отыр. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: ҚазАқпарат.