• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Маусым, 2024

Алматы мен Астанада аптап ыстық болады

90 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы.

27 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 33-35 градус жылы.

28 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 34-36 градус жылы.

Ал Алматы қаласында 26 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы.

27-28 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Жел 3-8, екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 35-37 градус жылы.