• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Алматы 26 Маусым, 2024

Қызметі тегін емхана

94 рет
көрсетілді

Алматы қаласына бертінде қосылған Алатау ауданының халқы бүгінде 60 мыңға жетіп жығылатын болса, ендігі жерде олар «Нұркент» шағын ауданында бір ауысымда 400 адам қабылдай алатын жекеменшік клиникада тегін медициналық көмек алатын болды.

Медициналық ор­талық биыл мамыр айында ашылған болатын. Ендігі жерде кепілдік берілген көлем аясында тіркелген халық үшін мұнда тегін медициналық қызметтер көр­се­тілсе, бұған жедел жәрдем, шұғыл ста­­ционарлық және амбу­латориялық көмек, онко­ло­гиялық көмек, туберкулез ке­зіндегі паллиативтік көмек, бейін­ді мамандардың кеңесі, оңалту, белгілі бір аурулар және дәрі-дәрмектер тізімі бойын­ша бұйрыққа сәйкес дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз ету кіреді. Бүгінде ме­ди­циналық орталыққа ауданның 23,2 мың тұрғыны тіркелген.

Осы емханаға жуырда қала әкімі Ерболат Досаев арнайы барып, ұжыммен кездесіп қайтты. Алаңы 5,5 мың шаршы метр ғимарат медициналық жабдық­тар­мен жабдықталған. Заманауи емхананың бір ерекшелігі – бронх демік­песі, бронхит және пневмония ау­руларын емдеуге арналған тұз шах­тасына қоса жаңа туған нәрес­телер мен 6 жасқа дейінгі бала­лардағы есту қабілетін тексере алатын аудио скрининг аппараты бар.

Алматы қаласының әкімі жер­гілікті тұрғындармен кездесу ба­рысында елге ыңғайлы болу үшін жаңа технологияларды енгізе отырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру маңызды екенін тілге тиек етіп, осындай маңызды әлеуметтік нысандарды іске асыруға қатысатын меценаттарды қолдайтынын білдірді.

Осы «Нұркент» шағын ауданында мемлекеттік медициналық мекемелердің жоқ екенін, ең жақын деген №29 қалалық емхана «Зерделі» шағын ауданында орналасқанын айта кету керек. Жекеменшік емхананың ашы­луы «Нұркент», «Ақ­кент», «Зерделі», «Ал­ғабас», «Теректі», «Дарабоз» ша­ғын­ аудандарының 60 мыңнан ас­там тұрғынын меди­ци­на­лық қызметпен қам­туға мүмкіндік бермек. Бұл қалалық ем­хананың жүктемесін азайтуда септігі үлкен.

 

АЛМАТЫ