• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 26 Маусым, 2024

Ауыл мектебінің ізденісі

116 рет
көрсетілді

Бұл жоба «Назарбаев зияткерлік мек­тептері» дербес білім беру ұйымы «ESEN Foundation», «BAQ» және «ANSA» қорлары консорциумымен және «Amanat» партия­сының қолдауымен Ақмола облы­сының Цели­ноград ауданындағы ауыл мек­теп­те­рінде жүзеге асып отыр.

Жоғарыда аталған дербес білім беру ұйы­мы­ның басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин өз сөзінде Назарбаев зияткерлік мектептері әрқашан өз тәжіри­бесін бөлісуге дайын екенін айта келіп: «Біздің назарымыз, әсіресе ауыл мектептеріне түсті. Сондықтан балалардың сапалы білім алуы үшін отандық мек­тептердің ішкі әлеуетін бірле­сіп дамытып жатқанымызға қуаныш­тымыз», деді ол.

Целиноград ауданының Қа­ра­­өткел ауылын­дағы мектеп база­­сында 30 ауылдық білім оша­­ғының директоры мен орын­басары стратегиялық жос­пар­лау әдістерінің технологиясымен танысып, мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеуді үйренді. Сондай-ақ мектеп бойынша деректер негізінде ше­шім қабылдау және қабылданған бас­қарушылық шешімдердің тиім­ділігін бағалау дағдыларын пысықтады.

Жоба аясында Назарбаев зият­керлік мек­тептері ұйымының Педагогикалық шеберлік орта­лығы Целиноград ауданының мек­тептерінде педагогтердің кәсіби қажеттіліктеріне зерттеу жүр­гізіп, сабақтарды бақылау және жаңа оқу жылында 30 ауыл мектебінің басшылары мен мұға­лімдеріне арналған бірнеше біліктілікті арттыру курсын, семинар мен шеберлік сағатын ұйымдастырады.

– Назарбаев зияткерлік мек­тептерімен бір­лескен жобаның нәтижесі бірнеше ауылдық перс­пективті білім ордалары базасында құрылатын педагогикалық академия болмақ. Оның жұмысы ұстаздардың тұрақты кәсіби дамуына бағыт­та­лады. Ол үшін біз Педагогикалық шеберлік орта­лығымен бірге тренерлерді даярлаймыз, – дейді «ESEN Foundation» қорының өкілі Камила Башарова.