• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Таным 26 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Cүйекті сүйкімді етеді

138 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының тұрғыны Жомарт Мәлік сүйектен түрлі құрал-сайман, тұрмыстық бұйым, ыдыс-аяқ ояды.

Бір қызығы төрт түліктің сүйегі ғана емес, мүйізі, тұяғы, тіпті тістерінен де көркем дүние шығарады. Бұл – қолөнердің ұмыт болып бара жатқан көне түрі. «Етті жеген соң сүйектері қалады. Сол сүйектерді сода қосып тағы бір мәрте қайнатамын. Сода майы­н кетіреді,оны жұмсартады. Көбіне жауырын сүйектерін оямын. Сүйекке түрлі ұлттық нақыштағы суреттерді бейнелеймін», дейді ол.

 

Апат аңғаратын робот

«Hydrus» роботы Үнді мұхитындағы баяғыда болған апаттарды іздеп, анық-қанығына жетіп жүр.

Алғашқы сүңгу кезінде «Hydrus» теңіз түбіне шашыраған 64 метрлік үлкен кеменің сынықтарын тапты. Advanced Navigation мәліметтері бойынша, адамзат мұхиттың тек 24 пайызын зерттеп, картаға түсірді. Ал зерттелмеген бөліктерде 3 миллионнан астам анықталмаған апат орны бар. Құрдымға кеткен кемелерде қанша елдің мәдениеті, тарихы, тіпті ғылымының кілті бар дейді ғалымдар. Қазына жатуы да әбден мүмкін.

 

Рекордшы әжей

«Адамның жасы – жай ғана сандар», деді 104 жастағы Дороти Хоффнер. Ол оны жайдан жай айта салған жоқ. Парашюттен секіріп, рекорд жаңартқанда айтты.

104 жастағы Чикаго тұрғыны рекорд жаңарту үшін парашют арқылы ұшақтан секірген. Ол Чикагодан оңтүстік-батысқа қарай 140 км қашықтықта жерге қонды. Сонда жүрек жұтқан әже 4100 метр биіктен құлдилаған. Бұған дейін мұндай рекорд 103 жастағы швециялық кейуанаға тиесілі-тұғын.