Астанада мереке қарсаңында дрон шоуы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана күні қарсаңында елордада 100-ге жуық түрлі іс-шаралар жоспарланған. Олардың көпшілігі барлық тұрғындар мен қонақтар үшін тегін болады.
Іс-шаралардың ішіндегі ең ерекшесі 6 шілдеде болатын дрондар шоуы. Қала әкімдігі шоудың демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатынын атап өтті.
Айта кетерлігі, 26 маусым мен 4 шілде аралығында құрылғының өнімділігі мен техникалық жағдайын тексеру үшін көтерілуі жүргізіледі. Қорытынды шоу 6 шілдеде ЭКСПО-да өтеді. Нақты уақыты кейінірек жарияланады.