• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Бас прокурор сайлауға байланысты ШЫҰ-ның бас хатшысымен кездесті

300 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 сәуір. Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясының басшысы, әрі бас хатшысы Дмитрий Мезенцевпен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Асхат Дауылбаев Дитрий Мезенцевке еліміздегі сайлау науқанының заңдылығын қамтамасыз ету және сайлау заңнамасының бұзушылықтары туралы өтініштерді қарау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, Бас прокурор құқық қорғау жүйесін жаңғырту барысы және қылмыстық заңнаманың әрекет ету жағдайындағы құқық қорғау органдарының жұмысын, адам құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін күшейту секілді шаралар жөнінде айтты. Айта кетейік, Асхат Дауылбаев кездесу соңында Дмитрий Мезенцевті осы жылы Астана қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының кезекті отырысына қатысуға шақырды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурсының баспасөз қызметі.