• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Маусым, 2024

Жарыс күнделігі

89 рет
көрсетілді

Иорданияның астанасы – Амманда 17 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен күрестен Азия біріншілігін Қазақ­стан құрамасы алты қола медальмен қорытындылады. Ол жүлделердің иегер­лері – Сәния Солтанғали (49 кг), Мадхия Усманова (53 кг), Анна Стратан (57 кг), Ұлдана Тілеухан (65 кг), Зейнеп Еламас (69 кг) және Ақбота Қадыр (73 кг). Одан кейін бозкілемге еркін күрес шеберлері (U-17) шықты. Жарыстың алғашқы күні Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс, Бақдәулет Әкімжанов үшінші орынға табан тіресе, келесі тәулікте балуандар толық жүлделер жиынтығына ие болды. Атап айтсақ, Едіге Қасымбек алтын, Бекасыл Асамбек күміс және Бекзат Аман­гелді қола медальды еншіледі.

Қазақстанның семсерлесушілері (сабля) Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Бастапқы бәсекелерде Өзбекстан мен Жапонияны жеңген жерлестеріміз жартылай финалда Иранға есе жіберді. Бұл команданың сапында Бақдәулет Құралбекұлы, Артем Саркасян, Сат­тархан Назарбай және Жанат Нәбиев өнер көрсетті. Ал бұған дейін Ерлік Сертай шпагашылар сайысында үздік үштікті түйіндеген болатын. Қазақстанның туы астында өнер көрсететін кениялық желаяқ, әлем чемпионы Нора Джерутоға былтыр күзде «допинг қолданды» деген айып тағылған еді. Күні кеше ғана ол толықтай ақталды. Штаб-пәтері Парижде орналасқан Ха­лықаралық төрелік соты істің ақ-қа­ра­сын анықтай келе, Джерутоның ешқандай да арамза әрекетке бармағанын дәлелдеп, жоғарыдағыдай шешім шығар­ды. Талдықорғанда шосседегі велоспорттан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ерлер арасындағы 178 шақы­рымдық топтық бәсекеде Дмитрий Груздев топ жарды. Екінші және үшінші орындарда – Глеб Брусенский мен Иоган Штейн. Әйелдердің 100 шақырымдық сайысында Ринате Сұлтанова алтыннан алқа тақса, күміс пен қола медальды Вио­летта Казакова мен Елизавета Скля­рова иеленді. Қазақстан чемпионатында бақ сынайтын Өскеменнің «Алтай» клу­бының бас бапкері болып Вахид Ма­су­дов тағайындалды. Бұл есім жан­­­күйер­лерге жақсы таныс. 64 жас­тағы Жамбыл футбол мектебінің тү­легі өткен ғасырдың 80-жылдары Ал­ма­тының «Қай­ратының» сапында жасындай жарқылдады. Үлкен спорттан қол үзген соң еліміздің түрлі командалары мен Қазақстан құрамасын жаттықтырды.