ҚЫЗЫЛОРДА. 26 сәуір. Бүгін Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округіндегі №266 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы оңтүстік өңірлік қолбасшылығы №5547 әскери бөлімінің қызметкерлері дауыс берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Отан қорғаушылар аталған сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады. Әскери бөлімнің қызметкерлері сайлау учаскесі ашылған сәттен-ақ сайлаушы ретінде белсенділік танытып, өзге де дауыс берушілерді өз таңдауларын жасауға шақырды.
Аталған бөлімде 390 әскери қызметкер борышын өтеуде. Дауыс бергендердің бірі – сарбаз Ерлан Иманбаев. Жасы 20-да, Алматы қаласы Медеу ауданынан әскерге шакырылған.
«Отан алдындағы борышымды өтеп жатқаныма 4 ай болды. Сайлауға катысып, дауыс бергеніме қуаныштымын. Мен елімнің болашағы үшін дауыс бердім», – дейді ол.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.