• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2024

Мемлекеттік қызметтерге қатысты шағымдар Telegram-бот арқылы қаралады

128 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындаған проблемалық мәселелер бойынша уәкілетті органмен байланыс орнату үшін «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасын пайдалануға болады. Аталған сервис мемлекеттік қызметке қатысты шағым беруге немесе бюрократияны төмендету, бизнес-процестерді оңайлату ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті аталған бот-платформа арқылы келіп түскен шағымдарды қарап, қызмет алушыларға тиісті жауап ұсыну, құқықтары бұзылған жағдайда жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мәселен, мемлекеттік қызмет алу кезінде қиын жағдайға тап болған азамат 2007 жылдан бері жер учаскесін алу үшін кезекте тұрғанын алға тартты. Алайда, «egov.kz» веб-сайтында оған жер учаскесі берілгені көрсетілген.

Департамент қызметкерлері аталған мәселені зерттеп, ақпараттық жүйені әзірлеушілерге дәлелді мәліметтерді жолдады. Жүргізілген жаңарту нәтижесінде қызмет алушының жер учаскесіне ақпараттық жүйедегі кезегі қалпына келтірілді.

Сондай-ақ кезекті қызмет алушы Халыққа қызмет көрсету орталығына түсірген өтініші бойынша толыққанды түсіндірме берілмегенін айтып шағымданды.

Бұл тұста, Атырау қаласындағы №2 ХҚКО бөлім басшысы қызмет алушымен телефон арқылы байланыс орнатып, шағымға арқау болған мәселе бойынша тиісті ақпарат толыққанды түрде берілді.

Департамент қызмет алушылардың «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы жолдаған сауалдарына тиісті құқықтық-түсіндірме ақпараттарын тұрақты түрде ұсынып отыр.