• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 29 Маусым, 2024

«Болашақ» стипендиаттары анықталды

72 рет
көрсетілді

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жа­рия­лан­ды. Халық­аралық бағдарламалар орталығының хабар­лауынша, Шет­елде кадрлар даярлау жөніндегі респуб­ли­калық комиссияның шеші­мімен 184 азамат сти­пен­дия ­иегері атанды.

Орталық таратқан ақ­па­ратқа сүйенсек, бі­рін­ші тағайындау нәти­же­сі бойынша 138 адам магис­тра­тура, 13 адам докторантура бағ­дарламалары бойынша білім алады, 33 азаматымыз әлемнің же­текші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағы­лымдамадан өтеді. Ірік­теу кезін­де инженерлік-техни­ка­лық және ме­ди­циналық маман­дықтарға басым­дық беріл­ген. Оқыту 62 мамандық бойынша жүргізіледі. Биыл басым мамандықтардың тізімі мем­лекеттік органдардың қажетті мамандық­­­тар бойынша кадрлар даяр­лау жө­нін­дегі сұраулары негізінде жа­салды. Ауылдық жерлерден шық­қан үміткерлерге, инженерлік-тех­ни­калық қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне жеңілдік санат­тары қолжетімді. Олар оқу­ды бастамас бұрын 12 айға де­йінгі тілдік дайындықтан өте алады, сти­пендияға құжаттарды тап­сырған кезде университеттен ша­қы­ру хатының болуы міндетті емес.

Осы жылғы өзгерістерге қа­тыс­ты «Халықаралық бағдар­ла­малар орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Әлия Оспанова: «Биыл өтінімдер­дің рекордтық саны конкурсқа қатысудың жоғары деңгейін көрсетті. Алдағы уақытта біз конкурсқа іріктеу ережелерін жетілдіріп, құжаттарды ресім­деудің бүкіл үдерісін цифр­ландыруды жоспарлап жатырмыз. Іріктеу кезеңдерін енгізу және тестілеу түрін өзгертуді де қарастырып отырмыз», деді.

Үміткерлер Harvard Uni­versity, Stanford University, National University of Singapore, University of Pennsylvania, University of Illinois at Urbana-Champaign сияқты әлемдік рейтингтердің топтарына кіре­тін университеттерге түсті. Ең көп қызығушылық тудырған ма­мандықтар: «Ақпараттық технологиялар және жүйелер», «Үлкен деректерді талдау», «Көлік технологиялары», «Қоғамдық ден­саулық сақтау», «Химиялық инженерия», «Құрылыс инженериясы», «Халықаралық құқық және қауіпсіздік», «Зияткер­­лік меншік», «Экология». Стипен­диаттар тізімін орта­лық­тың bolashak.gov.kz сайтынан көре аласыздар.