Білім • Бүгін, 08:15
Қазақ тілін қалай оқытып жүрміз?
Қазір оқушылар жазғы демалыста. Бірақ мұғалімдер мен педагогика саласының ғалымдарына жаңа оқу жылындағы өзгерістер маза бермесі анық. Соның бірі – күн тәртібінен түспей келе жатқан оқулықтардағы олқылықтар мәселесі. Өткенде Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева мектеп оқулықтарын талдау нәтижесінде 700-ден аса ескерту мен қате анықталғандығын айтып өткен еді. Өткір тұрған түйткілдің айналасында оқулықтардың мазмұнына қатысты да сын көп. Қоғамда қызу талқыланғаны – қазақ тілінің оқытылуы, оқулықтың мазмұны, әдістемесі.
Digital • Бүгін, 07:55
Ым тілін үйренуге ыңғайлы ресурс
Елімізде «е-Ымдау» ым-ишараттық тілінің бейне сөздігі іске қосылды. Жаңа цифрлық ресурс есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің білім алуына, қарым-қатынас жасауына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.
Ғылым • 27 Маусым, 2026
Монтессори ғылыми зерттеу зертханасы ашылады
Осы күні Монтессори орталықтары мен балабақшалары қаптап кетті. Бекер емес. Көптің көңіліне қонымды, нәтижесі нанымды көрінеді. Атақты италиян педагогінің әлемге әйгілі әдістемесінің құпиясы сол – баланы өмірге, өзін-өзі алып жүруге, өз-өзіне қызмет көрсетуге тәрбиелеу. Алайда аталған әдістемеге көп білім-тәрбие ұйымының аты ғана болмаса, ондағы мамандарының кәсіби біліктілігі сәйкес келе бермейді. Енді елімізде мұның орнын толтыратын арнайы орталық ашылмақ.
Қоғам • 27 Маусым, 2026
Тарихты цифрлы платформамен оқытады
«AI-Sana» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері жасанды интеллект негіздерін оқитыны белгілі. Осының нәтижесінде олар түрлі инновциялық идеяларды өмірге әкеліп жүргені байқалады. Соның бір белгісі болар, ізденушілер әзірлеген кезекті өнім тарих пәнін жеңіл оқуға жағдай жасамақ.
Білім • 26 Маусым, 2026
Біздің жас математиктер халықаралық білім додасында әлемнің үздік бестігіне енді. Олар Румынияның Бузэу қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасында (Junior Balkan Mathematical Olympiad, JBMO) жоғары нәтиже көрсетіп, жер- жаһаннан жиналған ең мықты командалардың қатарынан көрінді.
Білім • 17 Маусым, 2026
Озық технология – оқушы игілігі
Қазіргідей жасанды интеллект дәуірінде балалар да жаңа технологияны жылдам меңгеріп келеді. Мұндай әлеуетті ескерген елдер заманауи дүниенің озық үлгілерін ең алдымен оқыту ісіне енгізеді. Соның бір белгісі болар, жақында жарияланған Президент Жарлығына сәйкес, енді жасанды интеллект орта білімге дендемек. Бұл болашақта аталған салаға бетбұрыс әкелетін бастама болары анық. Осыған орай елордадағы №99 мектепте ашылған смарт (smart) сыныпты көріп қайттық. Содан алған әсерімізді, инновацияның игілігін көре бастағандардың ой-пікірін ортаға салғанды жөн көрдік.
Білім • 06 Маусым, 2026
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Өткен айда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа дәуірдегі ауқымды міндет қалай іске асырылмақ? Көлемді жұмыс неден басталады, қандай нәтижені көздейді? Шалғайдағы интернеттің өзі қат болған мектептер тағы да реформаның шаңына ілесе алмай қала ма?
Білім • 05 Маусым, 2026
Біз Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментіне «Өзі оқымас – оқытпас» атты («Egemen Qazaqstan» 07.05.2026) мақалаға байланысты хат жолдаған едік. Мақалада қазіргі балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің оқу мәдениеті, балалар әдебиетін, балалар басылымдарын пайдалану деңгейіне қатысты қоғамды алаңдатқан мәселені көтергенбіз. Осыған орай, аталған министрліктен «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Д.Қамзабекұлының атына жауап келді.
Білім • 02 Маусым, 2026
Ai-Sana: идеядан – инновацияға
Қазір жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері AI-Sana бағдарламасы туралы жиі айтады. Уақыт талабынан туған бастаманың қарқыны тура жасанды интеллектінің даму жылдамдығындай көрінеді. Өйткені осы күні ізденушілердің аталған жоба аясында дайындаған әзірлемелері экономика, білім мен басқа да салаларда қолданысқа енгізіліп үлгерген. Бұл – бастамасы ғана. Себебі алда бағдарламаның әлі бірнеше кезеңі бар. AI-Sana-ның аяқ алысы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.
Пікір • 11 Мамыр, 2026
Қыркүйек айы. Баламның балабақшадағы тәрбиешісі Мұқағали Мақатаевтың «Отан» атты өлеңінен екі шумақ жаттауға берді. Жарысқа қатыстырмақшы екен. Бұл үш жасқа енді ғана толатын балдырғанға сай келмейтінін айттым. Алайда тәрбиеші қиылып өтінген соң, көңілін қимай, бір аптадай жаттаттым. Бірақ өлеңдегі жиі қайталанатын сөздер мен ауыспалы мағынадағы ойлар ауыр тиіп, қиналды. Сол себепті бір шумағымен шектелдік.