
Ғылым • 10 Желтоқсан, 2024
Осындай тақырыппен Астанада ғылыми форум өтті. Жас ғалымдар альянсы (YRA – Young Researchers Alliance) Назарбаев университетінің қолдауымен биыл 4-рет ұйымдастырып жатқан ауқымды жиынға жалпы саны 500-ге жуық Қазақстан мен шетелден келген жас ғалым, билік, ғылым мен бизнес өкілі қатысты. Олардың қатарында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Парламент депутаттары бар.
Құқық • 06 Желтоқсан, 2024
Бала құқын қорғау – басты мәселе
Елімізде инклюзивті және арнайы білім ұйымдарының саны 21-ге көбейді. Кейінгі 10 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар саны 3 есе азайған. Алайда балаларға қарсы қылмыс саны артып барады. 100 мыңнан аса ата-ана жауапқа тартылды. Бірінші кезекте ана денсаулығын қорғауға бағытталған. 3 жасқа дейінгі балалар оңалту орталығында көмек алуға құқылы. Осы және өзге де өзекті мәселелер жөнінде Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстелде айтылды.
Ғылым • 04 Желтоқсан, 2024
Отандық медицинаны ілгерілеткен ғылыми жаңалықтар
Кез келген мемлекетке азаматтардың өмірі басты орында тұрады. Сол себепті де қай елде болсын денсаулық сақтау жүйесі үлкен маңызға ие. Ал қандай да бір сала зерделеп, зерттеусіз дамымайды. Өйткені барлық жаңалық пен ашылудың бастау бұлағы – ғылым. Осы орайда біз соңғы уақытта ғалымдарымыз қол жеткізген отандық медицинаны ілгерілетер ғылыми жетістіктерге тоқталғанды жөн көрдік.
Білім • 03 Желтоқсан, 2024
Ауыл балалары олимпиадасы аяқталды. Елордада елді мекендерде орналасқан мектептердің оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды. Қорытындылау жиынына Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, педагогтер, білім бәйгесінің жүлдегерлері мен ата-аналар қатысты.
Білім • 30 Қараша, 2024
Магистратураға құжат қабылдайды
Биыл жазда магистратураға тест тапсырған 10 мыңға жуық адамның 32%-ы ғана шекті балл жинады. Демек тестіленушілердің 70 пайызға жуығы оқуға түсе алмаған. Сол талапкерлерге және уақытында құжат тапсырып үлгере алмаған үміткерлерге тағы бір мүмкіндік туып тұр.
Білім • 29 Қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Министр техникалық және кәсіби білім саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелермен танысып, қытайлық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді. Осы арқылы Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіби білім саласында ынтымақтастық артпақ.
Білім • 28 Қараша, 2024
Елордада болашақ мектеп басшылары анықталды. Бұл «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының нәтижесі бойынша белгілі болды. Ақтық кезеңнен сүрінбегендер Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесіп, «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты берілгенін айғақтайтын сертификат иеленді. Мұндай мүмкіндік қатысушыларға мектеп директоры қызметіне конкурссыз қабылдануына жағдай жасайды.
Университет • 28 Қараша, 2024
«Күміс университеттің» берері көп
Әрдайым өзгеріп отыратын заман ағымы бізден үнемі оқуды, ізденуді, дамуды талап етеді. Мысалы, адамның 20 жасында университетте алған білімі 30 жыл өткенде сөзсіз ескіріп қалады. Ал 50-ден енді ғана асқан жан берісі зейнет жасына жету үшін, әрісі күш-қуаты сарқылғанша қоғамнан алыстамай, кәсіби тұрғыда сұраныста болу үшін үздіксіз өзін жетілдіруге талпынады. Осындай талапшыл егде жастан асқандарға күміс университетте оқуға болады.
Мектеп • 27 Қараша, 2024
58 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Елімізде 58 мектеп қажетті лицензиясы болмаса да білім беріп келген. Осы оқу ошақтарына мұндай өрескел заң бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Білім • 16 Қараша, 2024
Қандастар: жоғары білім алуға не кедергі?
Кезінде төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымыз бүгін ұрпағының атажұртқа оралғанын қалайды. Олардың мақсатын жүзеге асыратын жолдың бірі – білім көші-қоны. Шетелдегі қазақ жастарының атажұртында білім алуы, кейін тұрақтап қалуы – елдің демографиялық ахуалын жақсартатын өзекті мәселе.