Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
835 материал табылды

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025

Жігерлі ғалым

Ол – ағысқа қарсы жүретін адам. Кейіпкерімізбен танысып, әңгімелескеннен кейін алғаш ойымызға келген теңеу осы болды. Себебі ғалым әдетте ер адамдар баратын саланы таңдаған. Бүгінде ядролық және термоядролық энергетикаға арналған материалдарды зерттеу саласындағы жетекші маманға айналып отыр.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025

Қызыл майдың «бағын ашқан»

Көп ауруға ем болған қызыл майды өмірде көрмегендер кем шығар. Ал сол дәрілік өнімді өндіріске енгізген ғалымды екінің бірі біле бермес. Ол – фармаколог, медицина ғылымдарының док­торы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының ака­де­ми­гі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Раиса Сәлмағамбетқызы Көзденбаева.

Сұхбат • 08 Наурыз, 2025

Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы, ақын: Астроном болуды армандадым

Дін – өте өзекті әрі сондай нәзік тақырып. Дінтану ілімін игергендерді сөз еткенде әдетте ер адам бейнесіндегі ауыл молдасы, содан соң мүфтилер ойға оралады. Осындай біржақты көзқарасқа нүкте қойып, көп жыл дін істері бойынша жауапты қызметтерде жүріп, талай мешіт имамдарын дайындауға күш салып, осы салаға қажетті әдістемелік, ғылыми-зерттеу еңбектерін жазған ғалым әйелмен әңгімелескен едік. Оның аты аталғанда, өзімен сөйлескенде, әр сөзін тыңдағанда тұнып тұрған «энциклопедия» дерсіз.

Білім • 06 Наурыз, 2025

Наурыздағы ҰБТ басталды

Наурыз айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүріп жатыр. Өткен сенбі, яғни 1 наурызда басталған тестілеу 6 сәуір­ге дейін жалғасады. 163 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қа­ты­суға өті­ніш берді. Олардың 76%-ы қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірді.

Ғылым • 28 Ақпан, 2025

Отандық ғалымдардың олжасы

Ғылым нәтижелері бағзы заманнан бері негізінен адамзаттың игілігіне бағытталып келеді. Бұл үрдістен отандық ғалымдар да қал-қадірінше қалыс қалмайды. Соның бір үлгісін соңғы жағымды жаңалықтар мен ізденушілердің ілкімді істерінен көруге болады.

Білім • 28 Ақпан, 2025

163 мыңдай талапкер тест тапсырады

Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі хабарлағандай, нау­рыз айында өтетін ұлттық бір­ыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 163 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді. ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Ал қаңтардағы тестілеудің нәти­жесінде, тыйым салынған зат­тар­ды алып өтпекші болған 101 та­­лапкер тест тапсыру мүм­кін­дігінен айырылды.

Сұхбат • 21 Ақпан, 2025

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик, Қазақстанның Еңбек ері: Ірі істер кішкентай қадамнан басталады

Академик Асқар Жұмаділдаевты білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Бірақ сол көбі математик я ғалым деп қана таниды. Ал оның еңбектерін, бұл жолдағы өмірінің кедір-бұдырын біле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру әрі отандық ғылымға көзқарасын, саладағы түйткілге қатысты ұсынған тың шешімін білу мақсатында әңгімелескен едік.

Білім • 18 Ақпан, 2025

Мүмкіндіктер межеленген мәжіліс

Ғылым және жоғары бі­лім министрлігінің кеңей­тілген алқа отыры­сы өтті. Бұл іс-шараға Пар­ламент депутаттары, университет ректорлары, ғылыми зерттеу институттардың басшылары, министрлікке қа­расты ұйымдардың ж­е­текшілері, сарапшы­лар қатысты. Күн тәр­тібінде кадр даярлау, инновация, технология және өнеркәсіппен ын­тымақтастық мә­селе­лері қарасты­рыл­ды, өткен жылғы жетіс­тік­тер мен жаңа жылғы жос­парлар айтылды.

Мектеп • 12 Ақпан, 2025

Үш ауысымды мектеп: мәселе қашан шешіледі?

Елімізде үш ауысымда жұмыс істей­тін мектептер әлі де бар. Бұған апат­ты жағдайдағы білім ұяларын қосы­ңыз, бұлар жаңасы салынғанға дейін басқа жерге ауыса тұрса да орын тапшылығын тудырады. Соның себебі­нен бала саны тым көп ұйымдар тағы күшейтілген режімде оқытуы мүмкін.

Медицина • 11 Ақпан, 2025

«Қант диабеті» ұғымын қазақтілді ғылыми айналымға енгізген

Қазір кең қолданыстағы «қант диабеті» ұғымын білеміз. Бірақ оны қазақтілді ғылыми айналымға кімнің енгізгенін біле бермейміз. Бұл – есімі үлкен әріппен жазылатын, себебі жанына шипа іздеген талайдың алғысын алған эндокринолог, жоғары білікті дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Макош Ыбыраева.Ол – медициналық оқулықтардағы «ішкі аурулар» терминінің, эндокринология бойынша клиникалық лекциялардың авторы. Ал оның ғылымға келуі тіпті де қызық.