
Білім • 17 Сәуір, 2025
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 16 мамырда басталады. 5 шілдеге дейін жалғасатын басты тестілеуді талапкерлер екі рет тапсыра алады. Бұл кезеңнің маңыздылығы үміткерлердің осы сынақтан өткен нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатысатынында болып тұр.
Ғылым • 12 Сәуір, 2025
Бүгін – үш бірдей айтулы датаны қоржынына сыйғызған атаулы күн. Иә, 12 сәуір – елімізде ең алдымен отандық ғылымның атасына айналған академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні, осыған орайласқан Ғылым қызметкерлерінің күні, Ғарышкерлер күні.
Сұхбат • 11 Сәуір, 2025
Университетті басқару стратегиясын өзгерту маңызды - Асылбек Нұрғабдешов
Шетелде жоғары оқу орнын академиялық, ғылыми дәрежемен бітірген отандастарымыз көп. Солардың бірі – экономикадан докторлық диссертациясын Британиядағы Шеффилд университетінде қорғаған, Түркияның жоғары оқу орындарында бакалавр, магистр дәрежесін алған, отандық бірқатар оқу ордасында дәріс оқып, басшылық қызмет атқарған, қазір Ұлыбританиядағы «Herriot Watt University»-де Бизнес мектебі магистрлік бағдарламалар бөліміне жетекшілік ететін ғалым Асылбек Нұрғабдешовпен Ғылым күні қарсаңында әңгімелескен едік.
Ғылым • 11 Сәуір, 2025
«Egemen Qazaqstan» газеті отандық ғалымдарымыздың ізденістерін, ашқан жаңалықтарын ұдайы насихаттап келеді. Өйткені адамзаттың кез келген қажеттілігін, өмір сүру жағдайын жақсартуға негіз болатын технология десек, технологияны тудыратыны – түптеп келгенде ізденіс. Ал еліміздегі әр салада түйіні тарқатылмай келе жатқан түйткілдің шешімін ұсынып, сол арқылы мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми әлеуетті арттыру жолында еңбек етіп жүрген жандардың жаңалығы жетерлік.
Зерде • 10 Сәуір, 2025
Жас ұстаз әдебиетті комикспен оқытып жүр
Телефонға телмірген жас буынды кітап оқуға баулу табандылықты, заманға ілесе білетін тапқырлықты талап етеді. Осы үдеден шыға білген жас мұғалім әдеби туындыларды комикс арқылы оқытады. Ол оқулықтағы шығармаларды жасанды интеллектінің көмегімен балаларға қызық жанрға айналдырған. Жаңа әдісті енгізгелі оқушылардың пәнге бұрынғыдан көбірек қызығатыны байқалыпты.
Білім • 09 Сәуір, 2025
Шетелдік ЖОО филиалдары: Ізденіс пен мүмкіндік
Осы күні әрісі Америка, берісі Ұлыбритания, одан қалды көршілес мемлекеттер университеттерінен елімізде жүріп-ақ білім алу жастарға қолжетімді болып отыр. Өйткені елімізде шетелдік оқу орындары, филиалдары көптеп ашылды. Бірақ жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарында мұндай білім ордаларына түсу талаптары төңірегінде сұрақтары толастамай тұр. Осыған орай жауапты министрлік республика көлемінде көрме өткізіп, барлық сұраққа жауап беріп, түсіндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында айтылды.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Балалар қауіпсіздігі – басты мәселе
Баланың өмірі мен қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Бұл қағида бәрінен де маңызды. Осыған орай қолға алынған, қазір іске асып жатқан бірқатар маңызды мемлекеттік бастамалар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Білім • 28 Наурыз, 2025
«Біртұтас тәрбие» – адал азаматты қалыптастыратын бағдарлама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек көңіл бөлініп келгенін, ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болмағанын, бұл бағытқа тиісті деңгейде ден қойылмай отырғанын сынға алып, біліммен бірге тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды екенін айтты. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде мектепке дейінгі, орта білім, кәсіптік-техникалық білім ұйымдарындағы тәрбие мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ ОСПАН, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан ҚАЛМАҚОВ, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр КҮЗЕМБАЙ, А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының аға тәлімгері Данияр ИХСАН, М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Арсланбек МАРАТҰЛЫ қатысып, орнықты ой-пікірлерін ортаға салды.
Қоғам • 21 Наурыз, 2025
Жүзден жүйрік шыққан стартаптар
Елордада «Deeptech бәйге» байқауы қорытындыланды. Сайыстың жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрады. Назарбаев университетінде (NU – Nazarbayev University) өткен финалға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, студенттер, зерттеушілер, білім, ғылым және бизнес өкілдері қатысты.
Білім • 13 Наурыз, 2025
22 талапкердің нәтижесі жойылды
Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, аралық қорытынды нәтижесінде бір аптадан аса уақыттың ішінде тестіні 21 мыңға жуық талапкер тапсырды.