
Білім • 02 Қазан, 2024
Мұғалім сынып жетекшілігінен неге бас тартады?
Оқу жылы басталғанына аз уақыт өтсе де біраз оқиға болды. Мектеп оқушылары арасындағы тәртіпсіздік, болмаса қандай да бір қайғылы жағдай кезінде ең бірінші сұраққа ілігетін әрі көбіне жұмыстан шеттетілетін жан – сынып жетекшісі. Жауапкершілік жүгі тым ауыр болғаннан шығар, мұғалімдер жетекшіліктен бас тартып жатады. Жақында сынып жетекшілігіне қосылатын үстемеақы мөлшері үш есе көбейетіні туралы айтылса да осы бір қосымша, бірақ қиын қызметке құлшыныс артпай тұр. Қайтпек керек?
Білім • 27 Қыркүйек, 2024
Еліміздегі 2,5 мыңға жуық мектеп тексеріледі. Аталған тексеріс білім сапасын қамтамасыз ету бойынша жүргізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Мектеп • 26 Қыркүйек, 2024
Шағын мектептердің сапасы артады
Еліміздегі бес өңірде шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру бағытындағы жоба қолға алынбақ. Аталған жоба келесі жылдан бастап іске қосылады. Қазір қанатқақты жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Ғылым • 26 Қыркүйек, 2024
Ғылыми байланыстың жаңа кезеңі
Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығы кеңесінің 37-мәжілісі өтті. Осы жолы Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығына арналған Мәскеудегі іс-шараға Ресей, Қытай, Қазақстан, Беларусь, Армения, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Черногория, Әзербайжан, Куба елдерінің Ұлттық ғылым академиясының өкілдері қатысты.
Ғылым • 26 Қыркүйек, 2024
Кезекті ғылыми-технологиялық хакатон өтті. Бұл жолғы басқосу уран өндірісінің өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға отандық, шетелдік ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысты.
Ғылым • 21 Қыркүйек, 2024
Қазақ-неміс ғылыми байланысы бекиді
Отандық ғылым қоры мен Германияның ең ірі ғылыми ұйымы – Неміс зерттеу қорының (Deutsche Forschungsgemeinschaft, DFG) өкілдері кездесті. Кездесуде технологияларды коммерцияландыру саласындағы неміс ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен ғылыми жобаларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Оқу бағдарламалары заман талабына қарай жаңартылып отыруға тиіс. Бұл қандай талап болуы мүмкін? Білім сарапшылары, сыншылары, баласының біліміне бейжай қарамайтын ата-аналар оқушылар мен студенттердің өмірлік қарапайым дағдыларды меңгеруі керек екенін, соған сай оқу бағдарламасы қайта қаралуы қажеттігін арагідік айтып жүр. Міне, осы ой ескерілді ме, биылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымына «қауіпсіздік сабағы» деп аталатын жаңа пән енгізілді.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Технологиялық тұрақтылық талқыланды
Қазақстан мен Ресейдің жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Аталған талқылау Ресей Федерациясының Түмен қаласында өткен TNF–2024 өнеркәсіп және энергетика форумы аясында ұйымдастырылған. Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысты.
Білім • 19 Қыркүйек, 2024
Отандық колледж студенттері «WorldSkills-2024» жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында 7 медальон жеңіп алды. Француз қаласы Лионда өткен «WorldSkills Lyon-2024» 47-халықаралық кәсіби шеберлік сайысына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенті қатысты. Былтыр Қазақстан құрамасы Гданьск қаласында өткен «EuroSkills» чемпионатында 2 медаль және 4 медальон жеңіп алған еді. Биылғы ірі жарыста нәтиже айтарлықтай жақсарған.
Білім • 17 Қыркүйек, 2024
Даудың басы – конкурс құжаттамасы
Күз түсіп, жаңа оқу жылмен бірге ғалымдар арасында да қызу тірлік қайнайды. Бұл – гранттық қаржыландыру конкурсына құжат тапсыру ісі. Олардың жанталасын түсінуге де болады, себебі жоғары жалақы алмайтын жанға грант қаржысы зерттеуін алаңсыз жүргізуіне, негізгі жұмысын атқара жүріп, қосымша ақы алуына мүмкіндік береді. Жақында жарияланған конкурс құжаттамасы осыған даярлықты қалт жібермейін деп күтіп жүрген жұрттың қарсылығын оятты.