• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Мектеп 28 Маусым, 2024

Әр күні ерекше жазғы мектеп

135 рет
көрсетілді

М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебіндегі жазғы мек­тепте­ оқушылар өз демалысын көңілді, пайдалы әрі белсенді өткізіп жа­тыр. Жазғы мектеп жұмысы биыл 10 маусымнан басталды. Бала­лардың жазғы мектептегі бір күнінен шағын репортаж ұсынғымыз келеді.

Оқушыларды таңертең 9.00-де күтіп алып, бірге таңғы жат­тығу жа­саймыз. Әр күннің табыс­ты, нә­ти­желі өтуі таңды қалай бас­таған­ға байланысты. Таңғы жат­­тығуды әдетке айналдыру бо­йы­ңыз­дағы оң өзгерістерге әке­леді сергек жүресіз, тыныс алу жеңіл­дейді, күш-қуатыңыз тасиды. Сол себепті мектепішілік алаң жұ­мысы таңғы сергіту жаттығуынан бас­та­лады.

Одан кейін әр күнді ерекше, бір-бірін қайталамайтын­дай ұйым­дастыруға тырыстық. Мысалы, алғашқы күні балалар доппен секіру жаттығуын ойнады. Олардың көңіл күйі тамаша сергек болды. Екінші күні «ойын-күлкі – дәрумен» тақырыбында «Қожанасыр қоржыны» ойыны ұйымдастырылды. Ойынның мақ­саты балалардың көңіл күйін көтеру, қазақ тіліне деген қызы­ғушылықтарын арттыру, логи­калық ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталды. Үшінші күні «Дос болайық бәріміз» тақырыбында балармен ұйымдасып достыққа, татулыққа шақыратын «Толағай» ойыны ойналды. Төртінші күні қуыршақ театры келді, бірлікке, ауызбіршілікке баулу бағытында оқушыларға «Шалқан» ертегісінің қойылымы көрсетілді. Бесінші күні «Жас құтқарушы» күніне мек­тебі­міздің медбикесі Роза Телеу­баева бала­ларға алғашқы көмек көр­сету ере­желері таныс­тырылып, тәжі­ри­белік тұрғыда түсіндіріп, көр­сетті.

Жазғы мектепте арнайы бөл­ме­лер безендіріліп, санитарлық талапқа сай жұмыстар жүргізілді. Асыға күткен балалардың жазғы демалысын алаңда қызық өткізу мақсатында түрлі іс-шаралар байқаулар мен сайыстар өткізілді. Сонымен қоса топтағы оқушыларға мектеп медбикесі дәрумендер, аурудан сақтану жолдары, гигие­наны сақтау туралы дәрігерлік кеңестер беріп, балалардың жағ­дайын бақылайды. Спорттық «Толағай» эстафеталық ойындар өткізілді. Топқа бөлініп, спорттық ойынға қатысты. Сонымен қатар арнайы әзірлеген «Ұлттық құн­ды­лықтар» бөлмесінде домбырамен күй шертіп, шашкі мен шахмат ойын түрлерінен байқаулар ұйым­дастырылды. Арнайы жос­парға сай, топ жетекшілері түрлі тақырыптарда логикалық ойындар ұйымдастырды. Алаң жетекшілері күнделікті жақсы көңілмен балаларды қарсы алуға әрдайым дайын.

Қорытындылай келе, жазғы мектеп, жазғы сауықтыру алаңы балалардың көңілінен шықты.

 

Гүлсім АБДИБЕКОВА,

М.Мақатаев атындағы

№13 орта мектебінің мұғалімі

 

Алматы облысы,

Іле ауданы