• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Маусым, 2024

Тоғыз жыл күткен жеңіс

170 рет
көрсетілді

Кувейтте семсерлесуден өтіп жат­қан Азия чемпионатында еліміз­дің командасы жеңіске жетті. Біз құрлық аламанынан алтын медальды күткенімізге – тоғыз жыл.

Шпагамен сем­серле­су­де елі­­­міз­дің ер­­лер құрамасы Азия чем­­­пионатындағы қар­сыластарын айқын ең­серді. Тіпті финалдық тартыста 2021 жылы өт­кен Токио  жазғы Олим­пида ойын­дарының чем­пионы Жапония құра­масын айқын ұтты. Ал іріктеу сынында Қатар, Қыр­ғызстан, Гонконг құ­рамасын ығыстырды. Осы­лайша, Ерлік Сертай,  Эльмир Әлімжанов, Рус­лан Құрбанов, Вадим Шарлаимов  төрттігі құр­лықта қара үзді. Шіл­де айының соңын ала тү­лігі түріліп, жалауы жел­бірейтін ХХХІІІ Париж жазғы Олимпиада ойындарында осы жігіттер ел сенімін ақтау үшін барын салады.

Мемлекеттік жат­тық­тырушы Тимур Бай­тасов еліміздің коман­дасы 2015 жылдан бері Азия құрлығында жеңіс тұғырына көтеріле алмай келгенін айтты. «Жі­гіт­тердің жеңісі орасан табыс деп мақтауға тұрарлық. Себебі олар финалда әлемдік рейтингтегі көшбасшы команданың бірі, жазғы Олим­пиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионы Жапония құрамасын жеңді. Тоғыз жылдың ішінде біздің жігіттер Азия чем­пио­натының финалына дейін үш рет жетіп, күміс медальды місе тұтты, бес мәрте қола жүлдегер атан­ды. Командалық рух­­ты жанып, ерік-жігер­­ді қамшылаған шәкірт­­теріміз жапон спортшы­ларының айбарынан ыққан жоқ», деді Тимур Байтасов.

Қазақстан құрамасы Азия чемпио­натындағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте төртінші са­тыға көтерілді. Ұлттық құрама мүшелерінің ен­дігі межесі – Париж жаз­ғы Олим­пиадасының ме­далі.