• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Ақтауда сағат сайын сайлаушылардың саны арта түсуде (фото)

391 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 26 сәуір. Ақтауда сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі арта түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сағат сайын Ақтау қаласыда дауыс берушілер қатары қалыңдай түсуде. Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында 117 мың сайлаушы тіркелген. Олар үшін бүгін таңертең 58 сайлау учаскесі есіктерін айқара ашты. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өту барысын байқау үшін Маңғыстау облысына келген 20-ға тарта халықаралық байқаушылар облыстың түгелге дерлік аудан-қалаларында сайлау жұмыстарын байқауда. «Бүгін ауа райы да тамаша болып тұр. Бұл сайлауға келушілерге қосымша көңіл-күй сыйлайды. Қазір Ақтау қаласының жоғарғы бөлігінде орналасқан 28-шағын аудандағы №44 сайлау учаскесіне келушілер саны артты», – дейді аталған сайлау учаскесінің басшысы Нұрым Абдуллаев. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Cурет: Т.Құсайын, С.Майемеров.