• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2015

Елімізде сайлаушылардың 41,69 пайызы дауыс берді

361 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 сәуір. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова республикамыз бойынша сайлаушылардың 41,69 пайызы дауыс бергенін мәлім етті. Бұл туралы egemen.kz тілшіс хабарлады. Татьяна Охлопкова: «Президенттік сайлауда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген  сайлаушылардың 41,69 пайызы сайлау бюллетенін алды», – деді. Т.Охлопкованың сөзіне қарағанда, Ақмола облысы бойынша – 51,01,  Ақтөбе облысы бойынша – 36,11, Алматы облысы бойынша – 60,68, Атырау облысы бойынша –  47,54, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 48,24, Жамбыл облысы бойынша – 49,91, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 40,66, Қарағанды облысы бойынша – 43,35, Қызылорда облысы бойынша – 45,56, Қостанай облысы бойынша – 56,57, Маңғыстау облысы бойынша  – 34,12, Павлодар облысы бойынша – 42,63, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 50,11, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  – 32,62,  Астана қаласы бойынша – 25,46, ал Алматы қаласы бойынша 17,25 пайызды құраған. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар