• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Білім 01 Шілде, 2024

Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді

175 рет
көрсетілді

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне төленетін шәкіртақы мөлшері артады. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша - 43 574 теңге, орта буын мамандары үшін 41 896 теңге болады.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге ұлғаяды.

Интернатурада оқитындарға стипендия - 85 376 теңге, ал резидентурада білім алушылар үшін 123 122 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. 

Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылады. Оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекте бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға артады.

Айта кетейік, Президент тапсырмасы аясында 2020 жылдан бастап шәкіртақы мөлшерін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есеге, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,75 есеге өседі деп болжанып отыр.