Оралдағы мәдениет және демалыс саябағы аумағында жазғы кафе отқа оранды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға бүгін болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кафемен қоса, оған іргелес тұрған әкімшілік ғимаратының төбесі отқа оранған. Ешкім зардап шекпеген.
«Сағат 09:50-де Қ.Рысқұлбеков көшесі 1/4-мекенжайында аумағы 280 шаршы метр «У фонтана» жазғы кафесі жанып жатқаны туралы хабар түскен. Сондай-ақ соған іргелес тұрған 25 шаршы метр әкімшілік ғимаратының төбесі де отқа оранған. Оқиға орнынан 1 көмірсутегі баллоны шығарылды. Өртті сөндіруге 20 адам, 5 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 10:15-те оқшауланып, 10:32-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.