• RUB:
    5.4
  • USD:
    472.57
  • EUR:
    508.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2024

Іспен көрінуге тиіс

39 рет
көрсетілді

Әділ қоғамдағы әділеттілік сөзбен емес, іспен көрінуге тиіс. Оның мысалын жеке қолдарға заңсыз өтіп кеткен жалпыға ортақ мүліктердің мемлекетке қайтарылуынан, бизнестің мүддесін қорғау жағдайларынан байқауға болады.

Мәселен, жуырда Шымкент қалалық прокуратурасының наразы­лығымен мемлекетке 263 млн теңгеден астам қаржы қай­та­рыл­ды. Мамандандырылған аудана­ралық әкімшілік сотының шешімімен «Teмір-Металл оптом» ЖШС-ға қатысты салықтық тек­серу актісін және тексеру нәти­жесі туралы хабарламаны жою туралы әкімшілік талап қанағат­тандырылмады.

Мемлекеттік кірістер департа­менті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем­дерді дұрыс есептеу және уақтылы төлеу мәселесі бойынша ЖШС-ға қатысты салықтық құжаттамалық тексеру тағайындаған. Тексеру қоры­тындысымен хабарлама бері­ліп, оған сәйкес қосымша 263 млн теңге есептелген.

Департаменттің хабарламасы ЖШС-ның ресми құжат айналымы арқылы сенімсіз жеткізу­шілермен мәмілелер бойынша шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызы­латын­дығына негізделген. ЖШС бұл сот шешімімен келіспей, апелля­циялық сотқа шағым түсірген.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарыла отырып, бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған.

Апелляциялық сатыдағы сот­тың материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты қала прокуратурасы кассациялық өтінішхат енгізіп, мемлекеттің мүддесін қорғады. Сонымен қатар елімізде «Бизнеске жол» жобасы аясында 37 мыңнан астам кәсіпкердің құқы қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Бизнеске жол» жобасын іске асырып, шағын және орта бизнестің нақты мәселелерін шешуге атсалысып келеді.

Жоба іске қосылған сәттен бас­тап 37 мыңнан астам кәсіпкер­дің құқы қорғалып, 768 проблема­лық кейс шешілді. Биылдың өзінде 7 мыңнан астам кәсіпкер 83 кейс бойынша жоба аясында көмек алды.

Мәселен, Түркістан облысында фермерлер үшін суармалы судың бағасын көтерген делдалдық фирмалардың қызметі тоқтатылды. Енді су жеткізуші («Қазсушар» ШЖҚ РМК) шаруашылықтармен тікелей шарттар жасасады, бұл бағаны 2 есе (1 мың текше метр үшін 766 теңгеден 421 теңгеге дейін) төмендетті.

Жетісу облысында ақшаның болмауы себебінен шарттарды ұзартпаған 275 мектеп тамақтан­дырушысының құқы қорға­лды. Әкімдік бөлінген қаражат­ты басқа бағытқа аударған. Салдарынан кәсіпкерлер 2 ай ішінде балаларды өз есебінен тамақтан­дыруға мәжбүр болған. Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызметтің ұсынысы­мен қаржыландыру қалпына келтіріліп, шарттар ұзартылды.

Жоба аясында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фак­тілерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мұндай әрекеттер үшін сот шешімі немесе қадағалау органының оларды заңсыз деп тану туралы актісі шығарылған жағдайда туындайтын әкімшілік жауапкершілік көзделген.