• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Шілде, 2024

Дода көрігі қызып келеді

79 рет
көрсетілді

Германиядағы футбол додасында ширек финалға шыққан төрт құрама анықталды. Еуропа чемпионатының көрігін қыздырған тартысты бәсекеде Германия, Швейцария, Англия, Испания футболшыларының мерейі үстем болды.

2021 жылы өткен Еуропа 2021 жылы өткен Еуропа  чем­пионатының финалында Англия құрамасынан басым түсіп, құрлық чемпионы атан­ған Италия футболшылары ширек финалға жете алмады. Швей­цария құрамасы Ремо Фрой­лердің 37-минутта, Рубен Вар­гастың 46-минутта соққан го­лының нәтижесінде әйгілі құра­маны ығыстырды. Реймоның соққан голын Швейцария ұлттық құрамасының бас бапкері Мұрат Якин жоғары бағалады. Орталық жартылай қорғаушы қызметіне қоса шабуыл шебіне де орасан үлесін қосқанына разылығын айтты. 

Матчтан кейін тебіренісін жа­йып салған Рубен Варгас алаңға негізгі құрамда шығатынын ес­тігенде ерекше қуанғанын жет­к­ізді. «Біз топтық кезеңде-ақ Еу­ропа құрлығының тегеурінді құрамасының қай-қайсысына да төтеп бере алатынымызды көрсеттік. 1-таймның соңын ала Гра­нит Джака маған тағы бір гол соғу керек екенін айтты. 2-таймда оның тапсырмасын орындадым», деді Варгас. Жартылай қор­ғаушы Фабиан Ридер Швей­цария құрамасындағы ұжым­дық рухтың күш алғанын мақ­танышпен атап өтті. «Матч ке­зінде бір ойыншы жаңылысса, қалғанымыз оның қателігін жабыла түзеп, бәріміз біріміз үшін барымызды салатын құрама еке­німізді дәлелдедік», деді Ф.Ри­дер. 

Германия құрамасы  Кай Хаверцтің 53-минутта пе­наль­тиден соққан голын 68-ми­нут­та Жамал Мусиала есе­ле­геннің нәтижесінде Дания футболшыларын құрлық аламанынан ығыстырды. 

8/1 финалдық кезеңде  Ан­глия құрамасы Сло­вакия футболшыларын тәжі­рибенің мол­дығымен еңсерді. Әйтпесе Иван Шранцтың 26-минутта соқ­қан голының нә­­тижесінде 90 минут бойы Сло­­вакия құра­масы басым тұр­ды. Төреші қос­қан қо­сым­ша 5 минуттың ішін­де жер­­дің астын үстіне шы­ғар­ған­дай өзгеріс жасаған Джуд Бел­лингем таразы басын те­ңес­тіріп берді. Экстра таймда дің­келеген қарсыластарының осал тұсын оңай тауып, Харри Кейн (91-минутта) жеңіс голын соғып, Англия құрамасын ши­рек финалға жеткізді. 2016 жылы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде Германия құрамасына 3:0 есебімен жол берген Словакия құрамасы арада өткен сегіз жылдың ішінде тепкісі мықты, екпіні күшті құрамаға айналғанын әйгілеп, ағылшын футболшыларын шар­шатты. Егер қосымша үстелген 5 минуттың ішінде қорға­ныс­ты сетінетпей, 0:1 басым­дығын ақырына дейін ұстап тұр­ған­да кешелі бері Бра­тиславада бақыттан басы ай­налған халық көшеде теңселер еді. Себебі бұ­ған дейін бұл құ­рама Еуропа чемпионатының ширек финалына жеткен емес. Іріктеу кезең­дерінің өзінде ала-құла нәти­жемен сүреңсіз ойнап, тек 2016 жылдан бері құрлық до­да­сының финалдық кезеңіне қосылып жүр. Италиялық маман Франческо Кальцона қолда тұрған жеңістің сусып кеткені жанына батқанын жасырмады. «Осындай құраманы баптайтынымды мақтаныш санаймын. Біз әлемнің тегеурінді ұжымынан 90 минут бойы басым болдық. Бірақ айылымызды тым ерте бо­сатқан екенбіз, тәжірибелі Джуд Беллингем ұрымтал тұс­та гол соқты. Экстра таймда жі­­­гіт­тердің шаршағаны айқын бай­­қалды. Бұған дейін Еуропа чемпионатының финалдық кезе­ңінде экстра таймға дейін жетіп, күшімізді сынап көрмегеніміз байқалды. Десе де бұл жеңіліс біздің жігіттердің келешекте шар­­болаттай шыңдала түсуіне орасан тәжірибе мектебі болды», деді Франческо Кальцона. 

Германия елі ұйымдастырған Еуропа чемпио­натының плей-офф кезеңіне өтіп, дүниенің дидарын өзіне қаратқан Гру­зия құрамасы маңдайы тасқа со­ғыл­ғандай күйге түсті. Мектеп оқушысы Ламин Ямаль (16 жас­та) сынды нояндары бар Ис­пания құрамасы қарсыласты 4:1 есебімен күйрете жеңді. 18-ми­нутта Робен Ле Норман өз қақ­пасына автогол соққанда ба­сым­­дыққа ие болған грузин фут­­­болшыларының екінші тынысы ашылып сала берген. Тіпті 1-таймда азулы Испания құ­ра­масының шабуылын мейлінше тойтарып тастап отырды. Бірақ жастық максимализм басым, фи­зикалық күш-қуаты қай­нап тұрған жастар құрлық ала­­манына алғаш қосылған Гру­зияның қорғанысын тас-тал­қан етті. 39-минутта Родри, Фабиан Руис 51-минутта, Нико Уильямс 75-минутта, Дани Оль­мо 83-минутта еншісіне гол жаз­­ды. Грузия құрамасының жан­­­күйерлері Кельндегі «Рейн Энерги» стадионынан футболшыларын қол соғып құрметтеп, шығарып салды. Шабуылшылар Хвича Кварацхелия, Жорж Ми­каутадзе, қақпашы Георгий Ма­мардашвилиге сауын айтып спорт­­тық агенттер ағылатыны сөзсіз. Үшеуі де Еуропа чем­пио­­натында жай отындай жар­қылдады.