Жүзуден екі отандасымыз Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрлікке қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Париж-2024 додасында Әділбек Мусин 100 метрге еркін және баттерфляй әдісімен жүзуден, ал Ксения Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден сынға түседі.