• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2010

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

559 рет
көрсетілді

Президенттің Жолдауына сай респуб­ли­каның барлық аймақтары сияқты Ақмо­ла облысында да 2010 жылдың 1 қаңтарынан Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгені өзімізге белгілі. Жаңа реформа негізгі үш мақсатты алға тартады: медициналық қызмет көрсету жүйесінде бәсекелестік ортаны қалып­тас­тыру, халыққа дәрігер мен емдеу мекеме­сін еркін таңдауды ұсыну, ұлтты сауық­тыруда – денсаулық сақтау жүйесінің нақ­ты нәтижеге жетуінің бағдары десем, “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы осыны іске асырудың нақты тетігі деуге болады. БҰДЖ енгізу 2020 жылға республикада төсек қорын ұтымды пайдалануды қам­та­масыз етумен қатар, шығынның үлес сал­мағын стационарлық көмектен бастапқы медициналық-санитарлық көмекке ауыстыруға жағдай жасайды. Бұл денсау­лық сақтаудың профилактикалық бағы­тын күшейтуге көмектеседі. Стационарды алмастыратын технологияларды кеңінен қолданып, ауруларды ерте анықтауға немесе өмір сүрудің орташа ұзақтығының артуын, сондай-ақ өлім-жітімді төмен­детуге әкеледі. 2010 жылдың бірінші тоқсанында өзі­нің дәрігерді еркін таңдау құқығын Ақмо­ла облысының 491 тұрғыны пайдаланды. Госпитализациялау бюросы арқылы 5168 өтініштер түсті. Соның ішінде алғашқы үш күнде – 65,8%, 4-10 күнде – 30,7%, 20 күнде – 3%, 30 күнде 0,5 % пациенттер ауруханаға жатқызылды. 2009 жылғы осы кезеңмен салыстыр­ған­да, халық денсаулығы көрсеткішінің оң динамикасы сақталды. Туудың көр­сеткіші мың адамға шаққанда 17,18-ден 17,32-ге өсті. Жалпы өлім-жітім 12,22-ден 11,74-ке дейін төмендеді, ана өлімі оқиғасы тіркелмеді. Туберкулез ауруларының көрсеткіші – 15,25%, онкопатология-2,3%, қан айналым жүйесі аурулары 7,7%-ға төмендеген. Онколо­гиялық аурулардың ерте сатыда анықталған үлесі 61,6%-дан 65,7%-ға дейін артты. БҰДЖ енгізе бастағанда, емдеу баға­сының төмендігі, коммуналдық қызмет­тер, бағдарламалық қамтамасыз етуді же­тілдіру қажеттілігіне байланысты сұрақтар туындап, олар Денсаулық сақтау министр­лігі алдында көтеріліп, шешуін табуда. Өткен тоқсандағы күрделі мәселелердің бірі бірыңғай дистрибьютерлердің дәрі-дәрмектерді уақытылы жеткізбеуі болды. Ағымдағы жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша, облыстың медициналық ұйымдарына дәрі-дәрмектерді жеткізу пайызы 83,8%-ды құрады. Дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі облыстағы денсаулық сақтау ұйым­дарының ең бір негізгі мәселелерінің бірі болып отыр, 2010 жылға медициналық кадрлардың қажеттілігі 422 дәрігер және 100 орта медициналық қызметкерлер, оның ішінде 74 дәрігер және 37 орта медициналық қызметкерлер ауылдық жерлерге қажет. Денсаулық сақтау бюджеті 2010 жыл­дың бірінші тоқсанына 2321,5 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджеттің қара­жаты – 2050,7 млн. теңге, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 270,8 млн. теңге игерілді. Бастапқы ме­ди­циналық-санитарлық көмек ұйымдарын қаржыландырудың үлесі жалпы көлемде кепілді медициналық көмекті қаржылан­ды­ру 32,8 % құрайды (салыстыру үшін 2006ж. 16%). Облыс тұрғындарын 2010 жылы тегін медициналық көмектің ке­піл­ді көлемімен қамтамасыз ету шығындары 15,8 млрд. теңгені құрап, 2009 жылмен салыс­тырғанда 12 %-ға артты. Ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатында, медициналық- демография­лық жағдайды жақсартуда, амбулаторлық деңгейде 5 жасқа дейінгі балалар жеке­ле­ген аурулар бойынша тегін дәрі-дәр­мек­пен қамтамасыз етілуде. Бұл мақсатқа 2010 жылы 31,7 млн. теңге қаражат са­лынған. Жүкті әйелдер құрамында темір-йоды бар препараттармен қамтамасыз етіледі, 2010 жылы осы препараттарды алуға 35,7 млн. теңге бөлінді. Диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді амбулаторлық дең­гейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 52,0 млн. астам теңге жоспар­лан­ған. Тағы бір айта кететін жайт, жүрек­тің ишимиялық ауруы, артериалды гипертензия, аритмия, пневмония, ойық жара ауруы, өкпенің созылмалы обструк­тив­ті ауруы, жүректің созылмалы жетіс­пеушілігімен ауыратын ересектерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 130,7 млн. теңге бөлінді. Ақмола облысының денсаулық сақ­тау­ды дамытудың 2009-2011 жылдарға арнал­ған стратегиялық жоспарында денсаулық сақтауды дамытудағы бар мәселелерді, об­лыс тұрғындарының денсаулық көрсеткі­шін ескеріп, әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау; туберкулез ауруын төмендету; бастапқы медициналық-сани­тарлық көмекті дамыту және жетілдіру; кадрлар ресурсын дамытудың басым бағыттары анықталды. 2012 жылы ана өлімін 2 есеге, нәресте өлімін 30%-ға төмендету, туберкулез ауруын 35%-ға дейін төмендетудің нақты индикаторлары мен соңғы нәтижелері бел­гіленді. Нысаналы индикаторлар мо­ниторингі сала қызметкерлерінің жауап­кер­шілігін арттырып және халық денсау­лығын қорғау бойынша барлық деңгейде жүзеге асырылатын іс-шаралардың тиім­ділігін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйым­дастырушылық-басқарушылық шаралар қарастырылған десек, облыста 2010 жылы республикалық бюджет қара­жаты есебінен бірыңғай ақпараттық жүйе­ні құру жөніндегі пилоттық бағдарламаны енгізу аяқталмақ. Осының барлығы халық денсаулығының көрсеткіші мен медици­налық көмектің сапасын едәуір көтеруге тиіс. Ағымдағы жылы материалдық-тех­никалық базаны жақсарту мақсатында жергілікті бюджет есебінен Атбасар ауданында құны 10 млн. теңге болатын Сочи дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жоспарланған, республикалық бюджет есебінен салынып жатқан құны 4 млрд. 136 млн. 67 мың теңге болатын 500 келушіге арналған қалалық емхана және облыстық Қан орталығы екінші жарты­жылдықта пайдалануға берілмек. Сондай-ақ Ақмола облыстық перинаталдық орта­лығының 50 төсектік босандыру корпу­сының құрылысы жалғасуда. Денсаулық сақтаудың 9 нысанына 584,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу, он сегіз нысанға 68,1 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады. Медици­на­лық жабдықтарды алу үшін жергілікті бюд­жеттен 213,0 млн. теңге қарасты­рыл­са, республикалық бюджеттен 1132080,0 мың теңге нысаналы трансферт бөлінді. Сонымен мемлекет медициналық ұйым­дардың табысты қызметі үшін қажетті жағдай тудырып отыруына орай біздің саланың мамандары ақмола­лықтардың денсаулығын қорғау үшін барлық қолда бар мүмкіндіктерді жасауда. Виктор МАДЖУГА, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы.