Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына Жасұлан Бірлікұлы Сәрсебаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
1986 жылы Аягөз қаласында (Семей облысы) дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, құқықтану бакалавры және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.Жасұлан Сәрсебаев мемлекеттік қызметте еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы саяси партиялар мен діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманынан бастап, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері, туризм және сыртқы байланыстар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, ішкі саясат басқармаларының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.
Абай облысы құрылғаннан бастап аталған облыстың әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды. Президент Әкімшілігінің келісуімен 2024 жылдың 3 шілдесінен Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.