• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Шілде, 2024

Үкімет басшысы Қатар Әмірін елорда әуежайында қарсы алды

138 рет
көрсетілді

Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келіп жетті. Мәртебелі қонақты ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатар мемлекеті ШЫҰ-ның диалогтық серіктесі мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылған.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Қатар арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толған еді.

Қатар - Қазақстан Республикасының араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі.