• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2015

Түркістан қалалық прокуратурасы алиментке қатысты акция өткізді

806 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 маусым. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қалалық прокуратурасы «Балаңды есіңе ал – алимент төле!» атты акциясын өткізді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Аумақтық сот орындаушылар бөлімі-филиалында 2015 жылдың 5 айында алимент өндіру туралы жалпы 1 687 атқару құжаттары тіркелді. Оның ішінде 48 құжатқа қатысты шешім шықса, 1 639-ы орындалу үстінде. Қала прокуратурасымен аумақтық сот орындаушылар бөлімінде 6 тексеріс жүргізіліп, нәтижесімен 6 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ, 1 тәртіптік іс өндірісі қозғалып, 1 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Түркістан қалалық прокуратурасы ұйымдастырған «Балаңды есіңе ал – алимент төле!» шарасы аясында арнайы бильбордтарға алимент өндіру туралы баннерлер ілінді. Одан бөлек, алимент жөнінде бейнеролик түсіріліп телеарнадан күніне 5 рет көрсетілуде. Түркістан қаласында орналасқан «Қуаныш» орталық базарындағы хабарландыру тақталарына сот ұйғарымымен алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің суреттері ілініп, оларды іздеу шаралары жүргізілуде. Түркістан аумақтық сот орындаушыларымен 86 борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеулер қойылды. Сондай-ақ, қала прокуратурасы Түркістан аумақтық сот орындаушылар бөліміне Түркістан қалалық сотына Заңның 34-бабы 1-бөлімінің 3-тармағына сәйкес алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы ұсыныс жолданып, Түркістан қалалық сотының ұйғарымымен қалалық салық басқармасына, Түркістан қалалық әділет басқармасына, Түркістан ауданаралық емтихан қабылдау және тіркеу жұмысы бөліміне және басқа да тиісті мекемелерге жолданды. Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерге қатысты қала прокуратурасының бастамасымен бейнеролик түсіріліп, жергілікті телеарнадан көрсетілді. Бұдан бөлек, алимент өндіру мақсатында рейдттік шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 2 борышкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Талғат Райымбек. Дерек: Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: oko.prokuror.kz.
Соңғы жаңалықтар