• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Шілде, 2024

ШЫҰ саммитінің қатысушылары концерттік бағдарламаны тамашалады

87 рет
көрсетілді

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған.

Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды.

Бұдан бөлек, саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.