Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытай Медиакорпорациясының бас директоры Шэнь Хайсюн бастаған делегация өкілдерімен кездесті.
Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық реформалардың мазмұны мен мән-маңызы туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның Қытайдағы туризм жылының маңызына тоқталды. Осыған байланысты ол Туризм жылы аясында қолға алынған іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат таратқаны үшін Шэнь Хайсюнге ризашылық білдіріп, CCTV-4 және CGTN телеарналарындағы бірқатар жобаны атап өтті.
Шэнь Хайсюн қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына назар аударды.
Кездесу барысында тараптар көптеген мәселені талқылап, екіжақты диалогті өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында жалғастыруға уағдаласты.