• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Шілде, 2024

Таудан түсе алмаған туристер құтқарылды

Алматы облысы Талғар ауданында тауға шығып, өз бетімен түсе алмаған туристер құтқарылды, деп жазады Egemen.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі жергілікті тұрғынды құтқарып, таудан түсірді. Құтқарылғандар 19-20 жас аралығындағы жастар екені анықталды.

«Бүгін таңертең олар демалу үшін тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмай «112» нөмірі бойынша көмекке жүгінді. Туристерге медициналық көмек қажет болмады», делінген ТЖМ хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар