Астанадағы ШЫҰ саммитіне 700-ден астам шетелдік журналист келді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ШЫҰ саммитін 700-ден астам шетелдік, 200-ден астам қазақстандық журналист жазады. Шараға еуропалық бұқаралық ақпарат құралдары да үлкен қызығушылық танытып жатыр», деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бүгін Астанада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр.